VІІ қысқы Азия ойындары барысында шайбалы хоккей бойынша жарыстар қаңтардың 28-нен ақпанның 6-на дейін жүргізіледі. Ерлер арасындағы дода Астана қаласында, ал әйелдер додасы Алматыда өтеді. Бұл ойындарда 12 ер командасы және 5 әйел командасы қатысады. Ерлер командалары екі дивизионға бөлініп жарысады.

Медальдар Ерлер жоғарғы дивизионыЕрлер премьералық дивизионыӘйелдер

Ерлер Ерлер додасы астаналық Қазақстан спорт сарайында (Арена 1 және Арена 2) өтеді. 12 ер команданың ішінде 5 мықты команда жеке дивизионда жарысып, қалған 7-і премьералық дивизионда жарысатын болады. Әр дивизионда жеке медаль комплектісі беріледі.

Жоғарғы дивизион құрамалары: Жапония, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайвань. Премьералық дивизион құрамалары: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Таиланд.

Бастапқыда сайысқа 14 ер командасы қатыспақ болған. Бірақ кейін Үндістан мен Катар құрамалары ойындарға қатысудан бас тартты.Players ready to shell out money but govt says no Arena for a medal

Әйелдер Әйелдер додасы Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Қатысушы құрамалар: Жапония, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея.

Дереккөздер

Санат:Азия ойындарындағы шайбалы хоккей Санат:2011 жылғы шайбалы хоккей