Зейтін Ақышев (1911 жылғы 18 сәуір, Павлодар облысы Баянауыл ауданы– 1991) - жазушы, аудармашы. Лақап аты — З. АраловПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 16.
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.
Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.
1930 жылдың май айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың оқругтік «Колхоз» газетінде басылды.
Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды.
Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В. Панованың «Кружилиха» романын (1952), А. Куприннің «Жекпе-жек» повесін (1955), Я. Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды.
Шығармалары Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962; Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975; Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976; Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981. “Шынардың шыбығы” (1987). Роман. “Жаяу Мұса” (1965), “Келіндер”(1967), “Құтылмайды ол” (1969) пьесаларын жазды. В.Ф. Панованың “Кружилиха” (1952), А.И. Куприннің “Жекпе-жек” (1955), Я.Коластың “Талаш атай” (1956) романдарын қазақ тіліне аударды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6Қазақ ұлттық энциклопедиясы«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
Дереккөздер
Санат:1911 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан аудармашылары