right|thumb Әуезхан Көшімов (1911, 15 желтоқсан, Жезқазған облысы, Шет ауданы, Босаға ауылы - 1993) - ақын.

Өмірбаяны Әкесі Көшім қажы.http://shetlibrary.gov.kz/kk/page/122.html Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Қарағандыда облыстық радио комитетінің бас редакторы, облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысындағы өкілі қызметтерінде болған.

Шығармалары Жүрек сазы. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948; Қарт мергеннің айтқандары. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957; Аңшының әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1959; Екі бүркіт. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1963; Тегіледі әуендер. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; Тепеңкөк. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1983. Марапаттары «1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:15 желтоқсанда туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Шет ауданында туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары