thumb Іркіт — майын алып, құрт қайнату үшін ұйытып сабаға шикі сүттен немесе пісірген сүттен жинаған айран, қатық. Сабаға жиналып толған І-тің пісілуі сауылып отырған сауын малдың азды-көптігіне тікелей байланысты. Малы көп үйлер барлық малдың сүтін араластырмай, сиыр сүтінен ғана немесе қой-ешкі сүтінен ғана І. жинайды. Саба неғұрлым тез толса, І. көп ашымайды, нәтижесінде құрт шағырмақ, ащы болмайды. І-ті алғашқы піскен сүтті ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Кейде І-ті сусын орнына ішеді.
Сүтті іркіт бүйректің жұмысын жақсартып, бауырдың үрдісін қалыпты түрде жұмыс істеуіне ықпал етеді Ішектің жақсы қызмет көрсетуіне жағдай жасайды, әсіресе диеталарда пайдалы Ағзадағы артық сұйықтықты шығарады,соған орай қож бен түрлі токсиндердің шығуына әсер етеді Ревматизмде, гипертонияда көмектеседі, қан айналымын жақсартады және атеросклероздың алдын алып, оның дамуына жол бермейді Ісік үрдістерін қысқартады (теріде,ішекте) Жүйке жүйесіне қалыпты әсер етеді Теріні тазартады Жүкті әйелдерге өте пайдалы Қазақ Энциклопедиясы, 9 том Іркіт туралы
Дереккөздер
Санат:Сүт өнімдері Санат:Қазақ асханасы Санат:Ұлттық асханалар Санат:Ұлттық тағамдар