Ақсеңгір — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Ақсеңгір ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан солтүстікке қарай 31 км жерде, Ақсеңгір өзенінің жағалауындағы Лессинг жусаны, ши аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен сайлы-жыралы келген куаң далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13951607 2307 143,6 802 1164 145,1 805 1143 142

Тарихы Ауыл 1954-1997 жж. қазақ қой өсіру ҒЗИ-ның тәжірибе шаруашылығы болды. Оның негізінде Ақсеңгірде және округке қарасты Жайсаң, Жиренайғыр, Көкдала ауылдарында 1 ЖШС және 2 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт және медициналық пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері