Минажарылғыш бөгеттер (Минновзрывные заграждения) — қарсыласты шығынға үшырату, қозғалысын тоқтату, маневрін қиындату мақсатында жергілікті жерлер мен объектілерге қойылған миналы алаңдар, миналар тобының, жалғыз мина және жарғыш заттар зарядтарының жүйесі. Минажарылғыш бөгеттер өрдайым ұрысқа дайын тұрады, табылуы киын. Бұл бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды. Ал олардың құрылымы — инженерлік жабдықтаудың ең маңызды міндеітерінің бірі. Атқаратын қызметіне қарай Минажарылғыш бөгеттер: танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы, десантқа қарсы болып, жұмыс істеу тәсіліне байланысты басқарылмайтын және басқарылатын болып бөлінеді. Баскарылмайтын Минажарылғыш бөгеттер — бұл үрыс жағдайында тұратын және қарсылас әрекет еткенде жұмысқа қосылатын миналары бар миналы алаңдар. Басқарылатын мина жарылғыш бөгеттерге қойылғаннан кейін кашықтықтан басқару арқылы үрыетық немесе қауіпсіз жағдайға ауыстырыла алатын миналар жатады. Минажарылғыш бөгеттер әскерлердің ұрыс кимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қорғаныста олар ұрыстың мәніне сәйкес, атыс жүйесімен, табиғи кедергілермен байланыстырыла, өз әскерлерінің маневрлерін есепке ала отырып құрылады. Минажарылғыш бөгеттердің негізгі сипаттамасы олардың тығыздылығы. Мина жарылғыш бөгеггер инженерлік әскерлердің күшімен қойылады. Сондай-ақ бұл жұмысқа әскер түрлерінің басқа да бөлімшелері мен бөлімдері де қатыстырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс