Мемлекеттік шекараның тәртібі — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тәртібі Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттердің шекарадағы өзара қатынастарына байланысты барлық мәселелерді реттеу мақсатымен белгіленеді. Ол Қазақстан Ресиубликасының Мемлекеттік шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдік әскери емес кемелер мен әскери кемелердің шекаралық әзендер мен басқа да су қоймаларының қазақстандық бөлігінде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы ішкі суларына кіру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында түрлі жұмыстар, кәсіпшілік және өзге қызмет жүргізу тәртібін регламенттейді. Мемлекеттік шекара тәртібі Заңмен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен және халықаралық шарттарымен белгіленеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс