Садықбек Адамбеков (15 қараша 1922 жыл, Түркістан облысы Арыс ауданы Қараспан ауылы) — ақын, драматург, сықақшы.

Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.

Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемллекеттік университетін бітірген. 1945 — 68 “Оңтүстік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде және “Жұлдыз”, “Ара-Шмель” журналдарында қызмет атқарған.

Шығармалары Адамбековтің қазақ сатирасында өзіндік орны бар. “Қожанасыр қақпасы” (1959) “Көсенің көзі” (1961) “Аюбайдың ажалы” (1981) жинақтары қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық роман саналған “Атылған қыз туралы аңыз” (1969, 1977, 1988) шығармасы жарық көрді. Садықбек Адамбековтің жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылды.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:15 қарашада туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Арыста туғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан сықақшылары