Малайзия () — Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстігі Оңтүстік Қытай теңызімен,солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалау сызығының ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторлық, ыстық әрі ылғал.
Табиғаты Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық. Орташа жылдық температурасы 25 — 28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына жағалаулық өңірлерде 2000 — 2500 мм, таулы аймақта 4000 — 5000 мм. Ірі өзендері — Раджанг, Баром, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысына жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр.
Климат Ел экваторға жақын орналасқандықтан, Малайзия климаты жыл бойы экваторлық - ыстық және ылғалды болып сипатталады. Орташа жылдық температура шамамен 27 ° С, ал жылдық жауын-шашын шамамен 2500 мм. Елдің түбегі мен шығыс бөлігінің климаты арасында айырмашылықтар бар, олар көбінесе құрлықтық ауа массасының Малайзияның түбіне әсер етеді, ал шығыс теңізі теңізге әсер етеді. Ел екі муссон аймағында: оңтүстік-батыс (мамыр айынан қыркүйекке дейін) және солтүстік-шығысында (қарашадан наурызға дейін) орналасқан. Солтүстік-шығыс муссоны оңтүстік-батысқа қарағанда көбірек жауын-шашын әкеледі, бұл Қытай мен Тынық мұхиттың солтүстігінен бастау алады. Оңтүстік-батыс муссоны Австралияның шөлейтті жерлерінен шығады.
Елдің белгілі бір аймағындағы климат негізінен рельефке байланысты, осылайша, төбе, аласа және жағалаудағы аймақтардың климаты. Жағалаудағы аудандар температурасы 23 °C-тан 32 °C-ге дейін және ай сайын 100-ден 300 мм-ге дейін жауын-шашынмен сипатталады. Елдің алқаптары ұқсас температураға ие, бірақ жауын-шашынның жоғары деңгейі. Жоғары биіктіктегі климат температура мен айтарлықтай нәзік болады.
Малайзияда тіркелген ең жоғары температура 1998 жылдың 9 сәуірінде Перлис штатындағы Чупинг қаласында 40,1 ° С болды. Жазғы ауа температурасы Камерон мемлекеттің солтүстік-батысында 1978 жылғы 1 ақпанда Пахангтың солтүстік-батысында және 7,8 °C-та байқалды. Күн сайын ең көп жауын-шашын мөлшері 1967 жылғы 6 қаңтарда Кота-Бару да 608 мм-ге жетті. Ең жылдық жауын-шашын, 5 687 мм, 2006 жылы Сандакан қаласында, Сабах қаласында тіркелді. Елдегі ең жаңбырлы жер - жылына жауын-шашынның орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 4128 мм және 247 күн, Кучинг, Саравак. Ең қиыны - жылына 1 746 мм жыл сайынғы жауын-шашынды Шпинг, Перлис штаты..
Малайзиядағы ормансыздану 1990 жылы және 2010 жылдар аралығында Малайзиядағы ормандар алқабының 8,6% немесе 1920000 га алқабы жойылды. Малайзия өз тәуелсіздігін Ұлы Британиядан 1957 жылы алып,1963 жылы өз жағдайын жақсартты. Малайзияның сол кездегі экономикасының көтерілуі ағаштар мен орман турасында,себебі сол уақыттың өзінде Малайзия пайданы ағаштар, ормандар арқылы тапқан.
Орман көлеміне байланысты Малайзия өзімен көршілес Жаңа Гвинея іспеттес елдерден қарағанда тезірек дамыған. Қазірдің өзінде Малайзия көршілес Индонезиямен бірге биогаздарды өндіретін пальма майларының 85 пайызы өндіретінділігі анықталды және бұл Малайзиядағы ормандардың кесілуіне басты себеп болып табылады. Осы арқылы Малайзия 2.15 миллиард АҚШ доллары финанстық пайда тапқан.http://news.mongabay.com/2013/1115-worlds-highest-deforestation-rate.html
Мемлекеттік құрылым Билік нысаны – конституциялық монархия. Елдің негізгі заңы – 1957 жылғы Федералдық Конституция. Ел басшысы – Жоғарғы басшы – Янг ди-Пертуан Агонг. Жоғарғы басшы штаттарды басқарушы 9 сұлтанның қатарынан басшылар Кеңесімен кезектесіп 5 жылға сайланады. 4 штаттың Губернаторлары сайлауға қатыспайды. Ел басшысы конституциялық монархқа тән дәстүрлі артықшылықтарды қолданады. Оның Парламентті шақыруға және таратуға құқығы бар (Министрлер кабинетінің ұсынысы бойынша). Сонымен қатар патша қабылданатын заңдарға тыйым салу құқығына ие және де Парламент алдында жыл сайын жолдаумен сөз сөйлейді. 2011 жылдың қарашасынан бері Малайзияның Жоғарғы басшысы Янг ди-Пертуан Агонг ХІІІ - Абдұл Халим Муадзам Шах, 1927 жылдың 28 қарашасында туған, Кедах штатының Сұлтаны, Келантан штатының Сұлтаны. Ол Малайзияның тарихындағы екінші рет тұңғыш сайланған Жоғарғы басшысы. Малайзияның Праламенті екі палатадан тұрады – Сенат және Өкілдер палатасы. Сенат 70 адамнан тұрады. Оның ішінде 44 сенатор Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы басшымен тағайындалады, ал қалған 26 сенатор штаттардың заң шығарушы ассамблеяларымен жіберіледі (әр штаттан 2 адам). Тағайындалған сенаторлар жеті жыл бойы қызмет атқарады. 2009 жылдың 7 шілдесінде Сенаттың Президенті болып Дато Вон Фун Менг сайланды. Өкілдер палатасы кеңірек өкілеттіктерге иеленіп 222 депутаттан тұрады. Депутаттар жалпы сайлау құқықтың негізінде бірмандатты өңірлерде 5 жылға сайланады. 2008 жылдың 28 сәуірде Өкілдер палатасының төрағасы болып Тан Сри Пандикар Амин Мулия сайланды. Жалпы сайлау нәтижесінде Өкілдер палатасында басым орын алған партияның жетекшісі Премьер-министр лауазымына тағайындалып Министрлер кабинетін басқарады. 2008 жылдың наурыз айынан бері (2013 жылы қайта сайланған) Малайзияның Премьер-министрі «Біріккен малай ұлттық ұйымы» (БМҰҰ) саяси партиясының төрағасы Наджиб Тун Разак. Малайзияның үкіметінде 22 федералды министрлік бар. Сонымен қатар Премьер-министрдің департаментінде портфельсіз 8 министр қызмет атқарып жүр. Үкімет Премьер-министрден, оның бір орынбасарынан, министрлер мен олардың орынбасарларынан және парламенттік хатшылардан (70 адамнан астам) тұрады. Барлықтар Жоғарғы басшымен тағайындалады.Конституцияға сәйкес, Кабинеттің мүшесі Парламенттің депутаты болуы қажет.
Халқы 2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия - көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.
Малайзия экономикасы
Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2011 жылы Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,2%-ға өсті, сөйтіп 247,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 9 575 долл. құрайды (2011 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрге бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2011 жылы 133 млрд. АҚШ долл.құрады. Еңбекке жарамды халықтың саны - 12,7 млн.адам (2011 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Шетел мемлекеттермен сауда. Жұмыссыздық деңгейі 3% пайызды құрайды (2011 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.). Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында.
Малайзияның қарулы күштері thumb|RMAF MiG-29N/UB әуе ұшақтары|left Малайзияның қарулы күштерінің тарихы 1933 жылдан, ағылшын колониалды әскері құрамындағы алғаш малай жаяу әскері құрылған Порт-Диксон қаласынан басталды. 1963 жылы Малайзия егемендігін жариялау уақытына таяу елдің қарулы күштерінің саны 22 мың адамды құрады. Әскер өз еркімен жалға алу арқылы жинақталады. Офицерлер АҚШ және Ұлыбританияда әскери мектептерде даярланады. Қазіргі таңда қарулы күштерінің жалпы саны 114 мың адам. Сонымен қатар, жергілікті полиция құрылымдары бар ( 50 мың адамға жуық). Жаяу әскері 43 мың адамға жуық, олар жаяу бригадалардан, жеке полктерден және арнайы әскерден құралған. Әуе күштері ( 4 мың адамға жуық), 30 әскери және 60 қосымша ұшақтар мен тік ұшақтардан құралған. Теңіз әскері (3 мың адамға жуық) 45-ке жуық күзет және басқа кемелері бар. Халықаралық әскери-саяси және әлемдік экономикадағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің соңғы он жылдағы Азия - тынықмұхиттық аймақтағы процесстерге ықпалы аса күшеюде. Тек аймақтағы емес, сонымен қатар ғаламдық қарқында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа орталығын құрушы ОШАЕА әлемдегі ең табысты ұйымдардың бірі болып саналады.
Сыртқы саясат және қауіпсіздік thumb|Малайзия премьер министрі Махатхир Мұхамед
Малайзия әлем елдерінің 120-дан астам елдерімен дипломатиялық қатынас ұстануда. Куала-Лумпурда 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық миссиялары қызмет жасауда. Малайзияның шетелде жалпы саны 105 болатын дипломатиялық өкілеттіліктері бар. Малайзия – негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі: БҰҰ және оның арнайы органдарының (1998-2000 жж. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болды),ӘСҰ, ӘВФ және Әлемдік Банк, Британ Достығы, дамушы елдер бірлестігінің қатысушысы, (Қосылмаушылар қозғалысы, Топ-77, ИЫҰ) және аймақтық ұйымдар (АСЕАН, РФА, АТЭС, ВАС). Малайзия Қосылмаушылар қозғалысының төрағасы болды (2003-2006 жж.), ИЫҰ (2003-2008 жж.), АСЕАН (2005-2006 жж.). 2008 жылдың мамыр айында Малайзия Британ Достастығының «Хараре Декларациясының» (CMAG) міндеттемелерін орындау бойынша Министрлік тобының төрағасы орнына сайланды. Бұл шешім 12 мамырда Лондонда 29-шы Топтың отырысы қарсаңында бір дауыспен қабылданды. Малайзия сыртқы саясатының маңыздысы болып АСЕАН-дық бағыт қалуда. 2020 жылдарға таяу АСЕАН қауымдастығын құру жоспарлануда, сондай-ақ, «АСЕАН + 3» форматындағы ынтымақтастық дамуы қаралуда (Қытай, Жапония, Корея).