Темір Нұрбақытұлы Бекмамбетoв (; ; маусымның 25, 1961, Гурьев қаласы, Қазақ КСР) — шығу тегі қазақ, клипмейкер, продюсер, кинорежиссер.Темір Бекмамбетовтың өмірбаяны IMDb cайтында
Өмірбаяны 1961 жылғы 25 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. Әкесі Нұрбақыт Бекмамбетов — "Гурьевэнэрго" - да жұмыс жасаған, анасы — Мира Богословская облыстық партиялық-кеңестік "Прикаспийская коммуна" газетінің редакторының орынбасары , әдеби қызметкері болды. C.M.Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика Иститутында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.
Еңбек жолын 1986 жылы “Перед большой дорогой на войну” телефильмінде қоюшы- суретші болудан бастаған. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Ол кезде оның мамандығы "театр және кино суреткері" болды. Сонда ол Виктор Вержбицкиймен танысты. Ақырында ол оның тұрақты, үздіксіз актерi болды.The New York Times: From Russia, with Blood and Shape-Shifters
Ашғабадта армияда қызмет етті. "Ильхом" театрында және "Өзбекфильм" киностудиясында суретші болып қызмет істеді. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып бейнебаяндар түсірумен айналысты.
Киномансабы 1989 жылы "Кредит Москва" банкіне жарнамалық сюжетін даярлады. 1989-1990 жж “Даттана” франциялық компаниясымен “Арал теңізі” көркем фильмнің жобасында қызмет атқарды.http://telemedia.kz/archives/287 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен арнайы киносыншылардың Кинотаврдегі арнайы сыйлығын иеленген “Пешаварский вальс” толық метражды фильмі сценарийінің авторы және режисері болды. 1994 жылы Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс пен актерлік құрамның жүлдесіне ие болды. Менатеп банкінің жарнамалық бейнебаяндарының авторы. 1994 жылы Михаил Лесиный, "Видео Интернешнл" компаниясының жетекшісі арқылы Сергей Родинов, "Империал" банкінің президентімен танысады. 1992-1997 жылдар аралығында Cергей Родиновтың тапсырысы бойынша 20 жарнамалық ролик түсірді және түсірген жарнама роликтері кейін оны аудиторияға кеңінен танымал етті. 2002 жылы "Сэлдом”, “Пепси”, “Славянский” банкілері туралы жарнамалар түсірген. “Риал рекордс” компаниясы тапсырысы бойынша Юлия Чичеринамен бірлесіп 3 музыкалық “Ту-лу-ла”, “Жара”, “Дорога” клиптерін түсірді. “Жара” клипі Ресей кино академиясының арнайы жүлдесіне ие болып, “MTV Music Awards-2000” номинациясына ұсынылды. РТР телеканалының тапсырысы бойынша сегіз сериялық теледидарлық көркем "Наши 90-e" атты фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін "Гладиатрикс" фильмін түсіруге шақырылды. Түсірілу Ресейде басқарылды, фильм 2001 жылы экрандарда жарық көрді. 2002 жылы "ГАЗ-русские машины" атты фильмін түсірді.
2004-2005 жылдары оның атағын шығарған Сергей Лукьяненконың "Ночной дозор" және "Дневной дозор" аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режисері әрі тең авторы. 2005 жылы Голливудқа шақырылған болатын.http://www.azattyq.org/content/article/1200767.html
Эльдар Рязановтың рұқсат етуімен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген "Ирония судьбы" фильмінің де жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.
2006 жылы Жерар Депардье түскен ұялы телефон операторына арналған екі жарнамалық роликтің режисері.
2008 жылы әлемдік прокатқа "Особо опасен" фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Темір Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық "Еуразия" кинофестивалының құрметті қонағы болды.
ЗАО "Империал фильм", киностудия "ТАББАК" және Базелевс Продакшн компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.
Фильмография ЖылыФильмЛауазымырежиcсерпродюсерcценарист1987Перед большой дорогой на войну 1994Пешаварский вальс 2000Біздің 90 Гладиатрикс 2002 "ГАЗ — орыс көліктері
|- style="text-align:center;" ||2004 | style="text-align:left;"|Ночной Дозор|
|- style="text-align:center;" ||2005 | style="text-align:left;"|Дневной Дозор|
|- style="text-align:center;" ||2006 | style="text-align:left;"|Громовтар|
|- style="text-align:center;"|- style="text-align:center;" ||2007 | style="text-align:left;"|Ирония судьбы. Продолжение|
|- style="text-align:center;" ||2008 | style="text-align:left;"|Особо опасен|
|- style="text-align:center;" | rowspan="2"|2009 | style="text-align:left;"|9|
|- style="text-align:center;" | style="text-align:left;"|Чёрная Молния|
|- style="text-align:center;" ||2010 | style="text-align:left;"|Шыршалар'' 2011«Выкрутасы» «Аполлон 18» «Фантом» «Смешарики. Начало» «Шыршалар 2» 2012«Президент Линкольн: Охотник на вампиров» «Алиса не істеу керек екендігін, біледі!» «Джентльмены, удачи!» «Снежная Королева» 2013«Шыршалар 3» «Горько!» «Игра в правду» 2014«Горько! 2» «Ёлки лохматые» «Тиіндер» «Снежная королева 2: Перезаморозка» «Шыршалар 1914» 2015«Ол — айдаһар» «Самый лучший день» «Убрать из друзей» 2016«Хардкор» «Бен-Гур» «Шыршалар 5» «Взломать блогеров» 2017«Время первых» «Знаешь, мама, где я был?» «Война токов» «Шыршалар жаңа» 2018«Профиль» «Туған күн!» «Шыршалар соңғы» «Іздеу» «Убрать из друзей: Даркнет» 2021Девятаев
Марапаттары
Бейнебаяндары Чичерина «Ту-лу-ла» Чичерина «Жара» Чичерина «Дорога» Продюсерлер: Аллен Нибло, Джеймс Ричардсон
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Темір Бекмамбетовтың өмірбаяны IMDb cайтында Тимур Бекмамбетов «Астана» халықаралық экшн-фильмдер фестивалі кеше салтанатты түрде шымылдығын түрді.
Санат:Атырау облысында туғандар Санат:Атырауда туғандар Санат:АҚШ кинорежиссёрлері Санат:Ресей қазақтары