Қараағаш — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Сарыбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан батысқа қарай 23 км-дей жерде, жусан, ши аралас баялыш, күйреуік, бұйырғын басым өскен сұр, сортанды сұр топырақты қуаң далада орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14671181 1443 122,2 580 745 128,4 601 698 116,1
Тарихы 1997 жылы дейін «Сарыбұлақ» қой тұқымдарын асылдандыру зауытының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Қараағашта және округке қарасты Қазансу, Шилісу, Сарыбұлақ ауылында "Сарыбұлақ" өндірістік кооперативі және 2 жеке шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, кітапхана, дәріхана, дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3.
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері