Қыр көрсету әрекеттері (Демонстративные действия) — 1) Қауіп төндіру сипатындағы әрекеттер, мысалы, қарсыласқа әсер ету мақсатында флоттың топталуы, құрлықтағы әскер бөлімдерінің бірігуі; 2) Таңдалған басты соққы беру пунктінен қарсыластың назарын басқа жаққа аудару немесе қарсыластың белгілеген өңіріндегі атыс жүйесін анықтау мақсатында әскердің қосымша бағытта жүргізетін ұрыс әрекеттері. Стратегиялық бүркемелеу әдістерінің бірі, жасыру, арандату, жалған ақпарат беру шараларымен кешендестіре жүргізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс