Еркін Жұмаділұлы Ібітанов (4 маусым 1935 жыл, Қарасаз ауылы, Райымбек ауданы - 2 шілде 2009 жыл, Нарынқол ауылы, Райымбек ауданы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1986).
Өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасының Алжан руынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Алғаш Қарасаздағы орта мектепте, одан кейін аудандық халық театрында жұмыс істеген. Аудандық «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1955 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1956-59 жылдары Нарынқол аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарды. 1959 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аудандық "Хан-тәңірі" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, жауалты хатшы, редактордың орынбасары болды.
Шығармалары 1959 жылы "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланған "Қойшылар" поэмасымен өлең сүйер қауымды елең еткізген. "Қойшылар" (1962) "Арман-әлем" (1983) "Хантәңірі, қайдасың?" (1989) "Қасіретті де қасиетті ғасырым" (2002) атты өлеңдері мен дастандар жинағы жарық көрген. "Елшенбүйрек" (2003) Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылып, "Сегодняшний день" жинағына енгізілген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері