Қой етінен жасалған белдеме — жас қойдың тың ұшасынан белдік (бүйрек) бөлігін бөксе сүйегінен бірінші омыртқа бойынша қабырғасымен бөліп алады. Екі бөлікке бөліп тастамай екі жағынан кеседі, одан соң тұзбен, сарымсақпен ысқылап, дайын болғанша тұмшапеште пісіреді. Үстелге әкелерде еттің жұмсақ жерлерін омыртқадан тұтас қабаттай, үлкен тіліктермен талшықтарына көлденең кеседі. Омыртқа сүйегінің бұлшықтарға бөліктенбей ажыратылған жұмсақ еттерін ыдысқа салады. Сүйекке омыртқаның екі жағынан кесілген еттерді оған түтастық түр бере орналастырады, күрішпен не жасыл бүршақпен гарнирлеп, еттің қуырғандағы шырындысын құяды, балдыркөктермен безендіреді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер