Техникалық ату жылдамдығы (атыс қарқыны) (техническая скорострельноcть (темп стрельбы)) — қару үлгісінің уақыт бірлігі ішінде (1 минутта) үздіксіз ату кезінде жасайтын атыс саны. Қарудың техникалық ату жылдамдығы әрқашан да оның ұрыстық ату жылдамдығынан бірнеше есе көп болады. Мысалы, автоматтың 1 минуттағы техникалық ату жылдамдығы 400-1000 атысқа тең, қол және қондырғылы пулеметтерде — 400-800, автоматты зенитті зеңбіректе — 120-300 атысқа тең.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс