Соғыс уақытында экономиканы басқару жүиесі. Соғыс уақытында ел экономикасын жұмылдыру даярлығының негізгі бағыттары:
— жұмылдыру даярлығының нарық жағдайларына бейімделген нормативтік құкықтық базасын әзірлеу және экономиканы бейбіт жағдайдан әскери жағдайға көшіру;
— соғыс уакыты жағдайларында экономиканы басқару жүйесін орнықты жұмыс істеуге дайындау;
— мемлекеттік органдардың және жұмылдыру тапсырмалары бар ұйымдардын жұмылдыру даярлығы жүйесін жасау;
— жұмылдыру қуаттары мен объектілерін қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру;
— жұмылдыру тапсырмаларын орындауға меншіктің түрлі нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық мүдделілігі жүйесін жасау;
— жұмылдыру және мемлекеттік резервтерді материалдық құралдардын қорларын қалпына келтіру және сақтау;
— соғыс уакыты үшін конструкторлық және технологиялық құжаттаманын сақтандыру қорын жасау болып табылады.
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге экономиканы дайындау үшін жауапкершілік елдің үкіметіне жүктеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс