Ылғалдылығы жетімсіз зона — атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен булану мөлшері артық болатын құрлық бөлікшесі; беткі ағынның қалыптасуы мен грунт суларының толысуын қиындатады. Ылғалдылығы жетімсіз зонаға ауқымында қолдан суарусыз егіншілікті дамытуға болмайтын шөлдердің, шөлейттердің және құрғақ даланың ландшафтылары жатады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия