Напалмды бомба (Напалмовая бомба) — қабығы металдан не пластмассадан жасалған, напалммен жарақталған авиациялық өртегіш бомба. Ірі напалмды бомбаның сыйымдылығы — 100-600 л, ал кішілерінде — 5-50 л. Напалмды бомба түскен кезде жарылады, напалм тұтандырғыш зарядтан қызады да, жан-жаққа шашырайды, одан өрт ошағы пайда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс