«Болашақ» Каспий өңірі колледжі (бұрынғы Маңғыстау «Болашақ» институты)Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; - Ақтау қаласындағы жекеменшік колледж.
Тарихы 1997 жылы Ақтау қаласында Гуманитарлы-экономикалық колледжі құрылды. Колледж құрылтайшысы – педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев. Бұл жылы колледжге 111 оқушы қабылданды.
№ 4679 Мемлекеттік лицензиясына сәйкес 1998 жылдың қыркүйек айында Гуманитарлы-экономикалық колледж жанынан «Жасталап» лицейі ашылды. Ондағы мақсат – лицей түлектерін сапалы білім беріп, кәсіптік маман ретінде дайындау. Колледжге 191 оқушы қабылданды.
1999 жылы Маңғыстау «Болашақ» институты құрылды. Институт ректоры – педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев болды. Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы сол жылдың қыркүйек айында құрылды. Колледжге 211 оқушы қабылданды, 99 маман бітіріп шықты.
2003 жылы Маңғыстау облысының 40 жылдық және Ақтау қаласының 30 жылдық мерей тойының қарсаңында колледждің жаңа спорт кешені мен акт залы пайдалануға тапсырылды. Колледжге 313 оқушы қабылданып, 163 маман бітіріп шықтыТарихы .
Факультеттері
«Мұнай және газ» факультеті.
«Педагогика» факультеті
«Экономика және бизнес» факультеті.
Оқу нысандары
1. Маңғыстау «Болашақ» институты
2. Гуманитарлы-экономикалық колледж
3. «Жасталап» лицейі
Ректорлары 1997-2013 - Мұхит Қисметұлы Қаламқалиев 2013 жылдан бастап - Әсел Мұхитқызы Қаламқалиева
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы колледждері