Инженерлік фотобарлау (Инженерная фоторазведка) — қарсыласты және жергілікті жерді инженерлік барлау тәсілдерінің бірі. Инженерлік фотобарлау жер үстінен, әуеден болуы мүмкін. Жер үстілік суретке түсіру қарсылыстың жүргізетін инженерлік шараларын, сондай-ақ оның фотоаппарат қамти алатын қашықтықта орналасқан жеке объектілерін анықтау үшін қолданылады. Әуеден суретке түсіру қарсылыс тылының тереңіндегі объектілер туралы мәліметтерді жер үсті құралдарымен алу мүмкін болмағанда, оларды барлау үшін қолданылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс