Десантқа қарсы кедергі — қарсыластын десант түсіруіне қарсы қолданылатын құрылыстар. Бұл максатқа өзен немесе теніз жағалауында қадалған айқыш-ұйкыш бағаналар, темірден жасалған тетраэдрлер, аппарельдер мен дуалдар, тастан жасалған корғандар, танкіге және әскерлерге қарсы су жағасында немесе су ішінде жасалған кедергілер колданылады.

Десантқа қарсы қорғаныс Қарсыластын теңіз және әуе десанттарын түсіруіне жол бермеу мақсатында жалпы әскер бірлестіктерінің (құрамаларыныц) флот күштерімен, ӘӘК-імен және ӘШҚҚ әскерлерімен бірлесе әрекет етіп жағалауды және жағалау еңірін коргауы. Ол әскерлердің корғаныс топтастықтарын, корғаныс шептері мен позицияларын, инженерлік бөгеттерді, қарсыласты атыспен жою жүйесін күрудан және әуе десанттарымен күресті ұйымдастырудан тұрады. Әуе десантына қарсы корғаныста корғанысқа қойылатын жалпы талаптар негізге алынады.

Десанттарды жинау ауданы Жер бетіне түсірілгеннен кейін (әуе десанттары) немесе теңіз бетіне түсірілгеннен кейін (теңіз десанттары) десант бөлімшелері жиналатын жергілікті орын.

Десанттық катер Белгілі бір жерге әскер апарып түсіретін кеме.

Десанттық өткел Cу бөгетінен десанттық әдіспен өту үшін жабдықталған өткел. Десанттық өткел жүзгіш ұрыс машиналарында, шынжыр табанды жүзгіш транспортерлерде, қайықтарда, жергілікті материалдардан жасалған салдарда, десант түсіру құралдарында болуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс