Географиялық кеңістік, геокеңістік - географиялық қабықтың ауқымында географиялық нысандар мен құбылыстардың болу пішіні; нақты бір аумақта орналасқан және белгілі бір уақыт ішінде дамып келе жатқан географиялық нысандар арасындағы қатынастардың жиынтығы. Географиялық кеңістіктің тұжырымдамасы географиялық құбылыстар мен процестерді (таралуын, орналасуын, орын ауыстыруын, бөлшектенуін, теңдесуін, шоғырлануын, жылжуын, ажырауын, жақындауын және қашықтауын) талдауға және үлгілеуге мүмкіндік береді. Географиялық кеңістік кезінің құрылымдылығымен (географиялық қабықтың күрделі құрамымен), жүйелілігімен (географиялық қабықтың өзара байланыстылығымен, өзара әрекеттілігімен), серпінділігімен (үздіксіз құрылымдық және функциялық (атқарымдық) өзгерісімен), метрикалық қасиетімен (ұзындығы, жақын-алыстығы, ауданы, көлемі және тағы да басқалары) сипатталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия