Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы (1955, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған) — Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Маңғыстау облысының Құрметті Азаматы. Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің"Құрметті профессоры".

Өмірбаяны Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан 1972 жылы орта мектепті бітіріп, 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірген.

Еңбек жолын Алматыда Қазақ Мемлекеттік Телерадио Комитетінде режиссердың ассистенті қызметімен бастаған. 1982–1984 жылдар аралығында Қарағанды облыстық Телерадиосында редактор-комментатор, 1985–1990 жылдар аралығында Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1990–1995 жылдар аралығында Алматы қаласында республикалық «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1997–2000 жылдар аралығында Алматыдағы республикалық «Қазақстан» баспасында редактор-менеджер болып жұмыс істеді.

2000-2002 жылдар Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Баспасөз қызметінің жетекшісі.

2002 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Телерадио және PR» кафедрасының доценті, профессоры қызметінде.

Еңбектері О.Тұржан – «Шерқала» (1998),«Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2007), "Ағаштар үнсіз өседі" (2023) атты өлең жинақтарының, «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы», «Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері» атты монографиялардың, "Қаламқас", "Күлтегін" драмалық шығармаларының авторы. "Паблик рилейшнз теориясы мен практикасы", "Имиджелогия теориясы мен практикасы" атты жоғары оқу орындары білім алушыларына арналған оқулықтардың авторы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған (2021). "Маңғыстау ауданының құрметті азаматы" (2015), "Маңғыстау облысының құрметті азаматы" (2025) , Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (КТжИУ) "Құрметті профессоры", Төлеген Айбергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтың, "Махамбет" әдеби сыйлығының иегері. "Қазақстанның құрметті жазушысы", "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталған. Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің, Воле Шоинканың еңбектерін қазақшаға аударған.

Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Еуразия ұлттық университеті оқытушылары