Бәйдеш Түнбайұлы Тәжіғұлов (1955 жыл, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы) — қазақ ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1988). ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1979). 1972 – 1975 жылдары Маңғыстау ауданында жұмысшы, 1979 – 1987 жылдары ҚазПИ-де оқытушы, ҚазМУ-да аспирант болды. 1987 – 1992 жылдары Алматы мемлекеттік унивеситетінде аға оқытушы, доцент, 1992 жылдан Ақтау мемлекеттік университетінде доцент болып жұмыс жасайды. Тәжіғұловтың ғылыми жұмысының негізгі бағыты қатты денелер физикасын зерттеуге арналған.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:Қазақ ғалымдары