Сағынай Қолдасбайұлы ҚошқарбаевМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1926 жылы туған, Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы) – теміржолшы. Ақтөбе темір жол транспорты техникумын бітірген (1944). Еңбек жолын 1944 жылы №10 Сексеуіл жол дистансасында сызушылықтан бастап, техник-инженер, жол мастері секілді қызметтерді атқарған. 1951 жылы Атырау бөлімшесіне қарасты Сағыз станциясында дистанса бастығының орынбасары. 1954 – 1960 жылы жол жөндеу машиналар станциясының бастығы болып қызмет істеген. 1960 жылдан Байқоңырды игеруге байланысты Жосалы дистанса бастығының орынбасары болып, космодромға жол салуға үлес қосқан. 1966 – 1986 жылдары Маңғышлақ жол дистансасының бастығы. «Құрметті теміржолшы» (1968) атанған. Дереккөздер

Санат:Тұлғалар