Таянов Санақ Қалабайұлы (1936 жылы туған, Атырау облысы Есбол ауданы Кулагин ауылы) – мұнайшы. Қаражанбас кен орнын тұңғыш ашушы (1974). Атырау политехникалық техникумы жанындағы мастерлер курсын бітірген (1965). 1958 – 1963 жылдары Индер геологиялық-барлау экспедициясында жүргізуші, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, 1963 –1991 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясында бұрғышы, бұрғылау мастері. Еңбек Қызыл Ту (1971), Октябрь революциясы (1984) ордендерінің иегері. Ақтау қаласының құрметті азаматы (1997).«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар