Қазданбай ҚосжановМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1938, Маңғыстау ауданы,Ортаеспе ауылы– 1992) – педагог, ақын. ҚР «Білім беру ісінің үздігі». Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы педагогика институтты (1957) бітірген. Маңғыстау ауданындағы Калинин атындағы мектепте оқытушы (1962 – 1968) Аққұдық орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі әрі директоры (1968 – 1981) Құланды орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі (1981 – 1983) болып аудандағы білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді. Қосжановтың «Сезімге бөлендім ғажайып» атты кітабы (1999) жарық көрген; «Жыр моншақ» атты маңғыстаулық ақындар өлеңдері антологиясына (2002, құрастырушы Ә.Спан, Ш.Иманалиев) оның бірқатар өлеңдері енді. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар