Ислам ынтымақтастық ұйымы (араб.منظمة التعاون الإسلامي; ағылш. Organisation of Islamic Cooperation; француз. Organisation de la coopération islamique) (2011 жылдың 28 маусымына дейін – Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) — 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,8 миллиардқа жетіп отыр.

Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында орналасқан.

ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар.

Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.

Тарихи шолу ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған

Мүше елдер нобай|300x300 нүкте|Ұйымға мүшелерінің Эйлер диаграммасы ИЫҰ-ға 57 мемлекет мүше, 5 мемлекет бақылаушы дәрежесіне ие Мүше мемлекет Қосылды Деректер 1969 Тоқтатылған 1980 - Наурыз 1989 1969 1969 1969 Тоқтатылған мамыр 1979 - Наурыз 1984 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 The Palestine is a state with limited recognitionand is represented by the PLO as a "member state" of the OIC. 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1969 1990 жылдан бері Йемен Республикасы Йемен Халықтық Демократиялық Республикасымен бірікті 1970 2003 жылдан бері Бахрейн Патшалығы ретінде 1970 1970 1970 1970 1972 1974 1974 1974 1974 1974 1975 1975 1976 1976 1976 1978 1982 1984 1986 1991 1992 1992 1992 1992 1994 1995 1995 1996 1997 1998 2001 Тоқтатылды немесе шықты 1993 Шықты тамыз 1993 Бақылаушы елдер 1994 1997 Солтүстік Кипр Түрік Республикасы 1979 Ресми 2004 , патшалығы 1998 Федерациясы 2005 Бақылаушы Ислам мекемесі немесе Коммуналары Moro National Liberation Front 1977 Бақылаушы Ислами Институттар Parliamentary Union of the OIC Member States 2000 Islamic Conference Youth Forum for Dialogue and Cooperation 2005 Бақылаушы Халықаралық Мекемелер League of Arab States 1975 United Nations 1976 Non-Aligned Movement 1977 Organisation of African Unity 1977 Economic Cooperation Organisation 1995

Мүшелікке талпыныс

- Ислам ынтымақтастық ұйымына бақылаушы ел ретінде кіруге ниет білдірген. .Mustafa El-Feki: http://weekly.ahram.org.eg/2005/730/in1.htm An Indo-Arab blunder? Al-Ahram, Ақпанның 17-23, 2005. While India's candidacy is supported by some OIC members including Saudi Arabia,http://www.expressindia.com/news/messages.php?newsid=61844 Observer status for India at OIC: King Abdullah Expressindia.com, Қаңтардың 22, 2006. some OIC members like Pakistan have blocked India's inclusion into the OIC, arguing India's inclusion in OIC is against the rules of OIC, which state that an aspirant should not have an ongoing conflict with a member state.Pak disapproves Saudi king's comments on India's OIC entry Rediff News, Қаңтардың 23, 2006. - The Philippine government has made attempts to join the OIC, but this was opposed by the OIC observer in the country, the Moro National Liberation Front, which finds it unnecessary. In 2009, the country's bid has received stronger support and has been advocated by countries such as Indonesia, Malaysia, Iran, and the United Arab Emirates, among others.http://globalnation.inquirer.net/news/news/view/20090526-207265/RP-nears-observer-status-in-OIC----DFA http://www.mb.com.ph/node/202546http://www.philstar.com/Article.aspx?articleId=472375&publicationSubCategoryId=205 http://www.gmanews.tv/story/162925/DFA-Technicalities-blocking-RP-bid-for-OIC-observer-status

Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.

ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.

Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.

Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.

ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.

Сыртқы сілтемелер ИҚҰ ресми торабы

Ескермелер

Санат:Халықаралық ұйымдар