Диханбек Сатимов (1926, Форт-Шевченко қаласы – 1993) – кеңес қызметкері.

Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1958). 1941 – 74 жылы балықшы, хатшы, бухгалтер, Шевченко ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, Шевченко ауданы партия комитетінде 2-хатшы, Маңғыстау ауданы кеңес атқару комитетінің төрағасы болды. 1974 жылдан бастап түрлі шаруашылық мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды.

«Құрмет белгісі» (1975) орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:1926 жылы туғандар Санат:Форт-Шевченкода туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Маңғыстау аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері