Сызбатехника - радиотехника, байланыс, автоматика, есептеу техникасы және т.б. электрондық құрылғылардың схемаларын, олардың берілген функцияны орындау мақсатында синтездеу мәселелерін қамтитын ғылыми-техникалық бағыт. Электрондық құрылғының құрылымын дайындап жасау элементтер жүйесін (электровакуумдық және ШӨ аспаптардың, ИС, резисторлар, конденсаторлар, коммутациялық элементтердің және т.б.) таңдауға, олардың арасындағы қажетті функционалдық байланыстарды анықтауға және олардың оптималды жұмыс істеуіне, сондай-ақ құрылғының сенімділігін (берілген уақыт аралығында) қамтамасыз етуге негізделген.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника