Меридиандардың жазықтықтағы жақындауы - эллипсоидтің бір нүктесі үшін, осы нүкте меридианының Гаусс проекциясында пайда болған бейнесіндегі V бұрыш болып есептеледі. Осьтік меридианның шығысында орналасқан нүктелер үшін n бұрыш оң, ал осьтік меридиан батыстағылар теріс болады. Меридиандардың жазықтықтағы жақындауы меридиандардың Гаустық жақындасуы деп те аталады, ол азимуттан Гаусс проекциясындағы жазықтықтан дирекциондық бұрышқа өту үшін пайдаланылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезя. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия