Мейрам-арық – ирригациялық жүйе. 1973—76 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедицияның ирригациялық тобы (жетек. В.Грошев) зерттеген: жалпы ұзындығы 35 км. Мейрам-арық басталатын канал бөлігі Шолак-арық аяқталған маңайдан 3 км жерде. Озен суы ұзындығы 150 м бас канал арқылы келеді де, тармақтарға бөлініп кетеді. Оның су жүретін табанының ені 12 м, жанындағы үйінді жал биіктігі 3 м, тереңдігі 2 м. Батыс тармағы 3 км-ден соң Мейрамтөбе қалашығына жеткен. Қала жұртының батысында су үлестіруші каналдан, ол батыс, шығыс және солтүстік тармақтарға бөлінген. Батыс тармағы ұзындығы 2 км, солтүстік канал тармағының ұзындығы 1,5 км, ал шығыс тармақ каналының ұзындығы 3 км. Тармақтардың бойында көлемі әр түрлі егіс тораптары сақталған. Мейрам-арықтың солтүстік бағыттағы негізгі трассасы 6 км-ден кейін Қотан қалашығына жеткен. Одан соң Қотаннан 5 км солтүстікте орналасқан Қаршығалық қала¬шығына жақын келген. Мұндағы ені 5 м, әрбір үйінді жал ені 12 м, биіктігі 1,7 м. Мейрам-арықтың басқа бөліктері анық сақталмаған. Археологиялық зерттеулер бары¬сында алынған сырлы және сыры жоқ ыдыстар, өзге де тұрмыстық шаруашылық бұйымдар үлгілері Мейрам-арықты халық 10-17 ғасырларда пайдаланып, егін еккендігін, мал өсіргендігін айғақтайды.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер

Санат:Тарих