Құмар Екібаев (1937 жылы туған, қазіргі Атырау облысы) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері. Атырау ауыл шаруашылық техникумын (1965), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1969). 1965 жылы Жылыой ауданы «Ембі» кеңшарында техник-механик, 1970 – 92 жылы Бейнеу ауданы «Қарақұм» кеңшарында ферма меңгерушісі болды. 1994 жылдан жеке шаруашылықпен айналысады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1978).«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар