Коммутациялық тақта — үстінде орналасқан электрондық аспаптардың (интегралдық схемалардың, ШӨ аспаптардың, резисторлардың, конденсаторлардың және т.б.) шық- паларын электрлік жалғауға арналған, беті металмен жалатынған үлдір сымдардан тұратын, диэлектрлік жабылғысы бар металдан немесе диэлектриктен жасалған қатаң немесе иілгіш пластина.
Коммутациялық тақтадағы электрондық құралдарды бекіту металданған (етпелі) және металданбаған бекіткіш тесіктерге, аспаптардың қиялары жалғанады; электрондык шықпалар жіңішке сымдармен жалганып дәнекерленген және балқытып-пісірілген.
РЭА-ны жасауда кеңінен пайдаланылатын баспалық құрастыру әдісі Коммутациялық тақтаны қолдануға негізделген.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника