Сәнжан Өтеғалиұлы Боранбаев(1936, Атырау қаласы – 2006, Жаңаөзен қаласы) – педагог. ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Қазіргі Атырау педагогикалық институтының физикалық-математикалық факультетін бітірген (1960) 1960 – 62 жылы Форт-Шевченко қаласындағы Киров мектебінде мұғалім, директордың орынбасары. Қызылсай мектебінің директоры (1962 – 69) Жаңаөзен қаласының орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі (1969 – 75), директоры (1975 – 78) болды. Ол кәсіптік білім беру ісін жолға қойып, мектепаралық оқу өндірістік комбинатының директоры (1978 – 2001) қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Жаңаөзен қаласында Боранбаев атында көше бар.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар