Балхаев Сұлтан Жайлыбайұлы (1925, Бозащы, Оғыланды маңы – 2005) – соғыс және еңбек ардагері. Красноводск есепшілер курсын бітіріп,«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; Куйбышев ұжымшарында есепші болған. 1942 – 45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Зейнеткерлікке шыққанша ауа райын бақылайтын станцияда инженер болып жұмыс жасаған. «Заманалар зарпынан» (2003), «Озық ойлы Оразмағамбет» (2005) атты кітаптардың авторы. Соғыстағы ерліктері үшін 3 дәрежелі Даңқ орденімен (1944), 2 мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар