Қоныс өңірі - 1) ауқымында адамдардың қоныс ауыстыруына бөгеті жоқ, ал қоныстанудың сипаты бір ғана фактормен және заңдылықпен анықталатын (көші-қон өрісімен) аумақ (әдетте, қоныстанған); 2) қоныстану жүйесінде кеңістіктік өзара әрекеттерді зерттейтін үлгіде қолданылатын ұғым; үлгі өріс теориясының математикалық аппараттарының көмегімен адамдардың, өнімдердің, ақпараттардың ағымдарын баяндауға, осы ағымдарды (келуі мен кетуі, көлемі, құрылымы, қарқындылығы, даму қарқыны) талдауға және болжауға мүмкіндік береді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия