Еркін Бердішұлы Қалмұратов (29.11.1945 жылы т., Шәуілдір ауылы) — ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (1975), профессор (2003).
Өмірбаяны 1969 ж. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1972 ж. осы институттың аспирантурасын бітірген. 1972—77 ж. Өскемен жол құрылысы институтында 1977- 80 ж. ҚазҰТУ-да 1980-96 ж. Өскемен жолқұрылыс институтының Алматы филиалында әр түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1996 жылдан Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми жұмыстары 1 авторлық куәліктің, 60-тан аса ғылыми мақалалардың авторы. Қалмұратовтың ғылыми бағыты фотограмметрия, стереограмметрия, инженерлік геодезия, аэрогеодезия салаларын жобалау мен құрылысқа пайдалануға арналған.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:29 қарашада туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Шәуілдірде туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының профессорлары