Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова (1966 жыл, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы) - алаштанушы.
1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетін бітірген. 1989-1995 жылдары В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында тарихшы мамандығы бойынша оқытушы болып қызмет жасады. 1996-1998 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттык университетінің аспирантурасын оқиды. 1999 жылы «Қазақ съездері: қаралған мәселелері, шешімдері және оның орындалуы. Тарихи талдау (1917-1919 жж)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» көп томдық кітабының «Қазақ съездері» аталатын 4-томын құрастырған. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қызметі, Алаш автономиясы және Алашорда бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Дереккөздер
Санат:1966 жылы туғандар Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Алаштанушылар