Артқы сілекей бөлу орталығы () - сопақша мидың сұр затында, ми жүйкелерінің IX жұбы - тілжұтқыншақ жүйкесінің ядросы маңында орналасады. Орталықтың нейроциттері аксондарынан түзілген түйінадцы (преганглионды) жүйке талшықтары тілжұтқыншақ жүйкесі құрамында мидан шығып, жырымдалған тесік маңындағы құлақтық ганглий () нейроциттерінің дендриттерінде аяқталады. Қүлақтық ганглий нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтары — құлақтүбі (шықшыт), ұрт және ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология