200px|right|thumb|гермафродиттер. Гермафродитизм немесе Қосжыныстылық (грек. Hermes, Aphrodite және ismos — қалыпты жағдайдан ауытқу, патологиялық жағдай) — бір организмде аталық және аналық жыныс мүшелерінің болуы.

Гермафродитизм — табиғи немесе аномальды ауытқу (грек, anomalia - ауытқу) болып екіге бөлінеді.

Табиғи гермафродитизм — кейбір омыртқасыз жануарларда және кейбір балықтарда кездесетін, эволюциялық қалыпты құбылыс.

Аномальды гермафродитизм (қызтеке) — адам мен омыртқалы жануарларда жыныстық дамудың ерекшелігі ретінде байқалады. Әдетте, аномальды гермафродитизм — жыныстық көбеюге бейім емес, ұрпақсыз организм.

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология