Гаметоцит (gametocytos; грек, gametos жыныс, kytos – жасуша) — пісіп жетілген жыныс жасушасы.
Гаметоцит (сперматозоид, овоцит) — құрылысы жағынан дене жасушасы (сома жасушасы) сияқты протоплазмадан, яғни цитоплазмадан және ядродан тұрады. Бірақ, гаметоцит дене жасушасымен салыстырғанда бірқатар айырмашылықтармен ерекшеленеді: 1. гаметоцитте зат алмасу (метаболизм) процесі төменгі деңгейде жүреді; 2. гаметоцит ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады; 3. пісіп жетілген гаметоцит бөлінбейді және ол ұрықтану процесін іс жүзіне асырады.
Сперматозоид цитоплазмасында дене жасушаларына тән барлық жалпы органеллалар болады, ал овоцит цитоплазмасында центросома болмайды, ал қалған органеллалар бар.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология