«Правда» — еркін газет. Шығарушы «Правда» журналистер ұйымы. 1992 жылға дейін бұрынғы КОКП ОК-нің органы болды. В. И. Лениннің бастауымен 1912 ж. 5 мамырдан шыға бастаған. Газетте Л. Адалистің «Дала әуендері» (1940, 21 маусым), С. Мұқановтың «Абай Құнанбаев және орыстың классикалық әдебиеті» (1945, 15 тамыз), Л. Соболевтің «Абай Құнанбаев» (1954, 5 қыркүйек) және редакциялық «Абай поэзиясының екі томы» (1977, 15 шілде) деген мақалалар жарияланды. Бұл материалдарда Абайдың қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырудағы жолбасшылық қызметі, ақын шығармаларының реалистік және жаңашылдық дәстүрі, оның өлеңдері мен орыстың классикалық әдебиетінің үндестік байланыстары және аудармаларының шеберлігі сөз болады. «Правда» Абай Құнанбаевты «қазақ жазба әдебиетінің көш басы» деп бағалады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Газеттің сайты
Санат:КСРО газеттері Санат:Ресей газеттері