Агалактия (грек, а — жоқ және — сүт) — сүтсіздік. Желін паренхимасында (сүт безі бөлікшелерінің альвеолалары қабырғаларыңда) сүттің түзілу процесінің тыйылып тоқтауы. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9

Агалактия біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Біріншілік агалактия әдетте эндокриндік бұзылыстарға, пролактин гормонының өндірісінің төмендеуіне, сирек жағдайда күшті күйзеліс әсеріне байланысты пайда болады. Біріншілік агалактия барлық жағдайлардың 5%-дан азын құрайды.Белоусова Н. А. Материнское молоко–«золотой стандарт» питания младенца //Педиатрия. – 2010. – №. 1. – С. 5-9.

Екіншілік агалактия сүт бездерінің жеткіліксіз дамуы (инфантилизм), дистрофия, босанудағы көп қан жоғалту немесе Шихан синдромымен байланысты болуы мүмкін.

Тағы қараңыз Гипогалактия Лактация

Дереккөздер

Санат:Лактация Санат:Гинекологиялық аурулар Санат:Акушерлік Санат:Ана сүтімен емізу