Тегеран ( — , ауызша. ) — Иран елінің астанасы, Азиядағы ең үлкен қалалардың бірі.Крупнейшие города Азии Қала маңайы (Үлкен Тегеран) тұрғындарын қосқанда Тегеран тұрғындарының саны ресми мәлімет бойынша 13 миллион, бейресми деректерде 16 миллион деп көрсетіледі.Современный Тегеран . Әлем бойынша 21-орында.Список городов мира по численности населения Тегеран останының астанасы, мемлекеттің саяси, экономикалық, транспорттық, сауда-қаржы және мәдениет орталығы.
Тегеран Иранның солтүстігіндегі Эльбурс тауының етегінде, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауынынан 90 км қашықтықта орналасқан. Қала батыстан шығысқа қарай тау жотасы бойымен 40-50 километрге созылады. Тегеранның солтүстік ауданы (Шәмиран) теңiз деңгейiнен 2000 метр биіктікте, ал оңтүстік қала маңайы (Рей, Сұлтанабат) Кавир тасты шөліне жақын.
Тегеран Иранның автомобиль, электроника, әскери қару-жарақ, жеңіл өнеркәсіп, қант, цемент және химия салаларының орталығы саналады.Iran news . Сонымен қатар қала жиһаз және кілемімен де танымал. XX ғасырда елдің басқа аймақтарынан Тегеран қаласына жаппай көшу үрдісі орын алған. Жергілікті тұрғындар парсылар болғандықтан, Тегеран халқының 98%-ы парсы тілінде, қалған 2%-ы араб тілі, Әзербайжан тілі, армян тілі, күрд тілінде сөйлейді.
Этимологиясы «Тегеран» () атауының шығу төркінінің бірнеше теориясы бар.
Қаланың ресми сайтында атау «түп» (ته — тех) және ескірген «баурай» (ران — ран) сөздерінен шығады деп көрсетілген. Осылайша «Тегеран» تهران сөзін - техран - «көлбеудің табаны», яғни Тегеран - көлбеудің табанындағы қала деген тұсініктемені береді. Тегеран Тошал тауының оңтүстік табанында орналасқандықтан, бұл теория сенімді болып табылады.
Басқа теория бойынша «Тегеран» өз атын Иран астанасының жанында орналасқан парфяндық Тиран қаласынан алады. Ал «Тиран» атауы «Тирдің жерi» (зороастрлік мифология бойынша жауын құдайы) дегенді білдіреді. Тиранның жанында Мәһран қаласы орналасқан — «Мәһра жері» (су құдайы), қазір Тегеранның шетіндегі шағын аудан. Бұрын бұл екі қала Рей құрамына кіретін, қазір ол да Тегеран маңайындағы қала.
Үшінші теория бойынша «Тегеран» «жылы жер» деген, ал қаланың солтүстігіндегі Шәмиран ауданы, керісінше, «суық жер» деген ұғымды білдіреді.
Тарихы Ежелгі Тегеран left|thumb|250px|«Кәрім-хан түкпірі» («Халват-е Кәрім-хан» Голестан сарайы, 1759 г. Қазба жұмыстары қазіргі Тегеран жерінде алғашқы қоныстардың б.з.б. 6-мыңжылдықта болғанын көрсетеді. Тұрғындар елдің оңтүстігіндегі сор шөлдерден қашып, Эльбурс тау бөктеріне келіп қоныстанған. Алғашында қала Иранның ең ежелгі қалаларының бірі - Реяның солтүстік-батысынан бірнеше километр қашықтықта орналасқан ауыл болған. Сол кездегі Тегеранның басты экономикасын ауыл шаруашылығы құрады, атап айтқанда жеміс-жидек өсіру кең етек алған.
Тегеранның саяси орталық ретінде биіктеуі 1228 жылы моңғолдардың Рейді қиратуымен байланысты. Ойрандалған қаланың тұрғындары Шыңғысхан тиіспеген Тегеран қаласына беттейді. Өзінің 1275 жылғы жазбаларында, Мұхаммат Зақария Қазбеней Тегеранды «маңызды саудалық қала» деп сипаттайды. Бұл кезде Тегеран әскерилер басқарған 12 ауданға бөлінген (махала). XIII ғасырда қалалық құрылысты, көбінесе, саздан жасалған немесе таулы жыныстың ішінен ойылған үйлер құрады. Қоныстың осындай түрлері Ирактың солтүстік аймақтарында да кездеседі. Хамдолла Мұстафи жазбаларында 1340 жылы Тегеран жергілікті Ильханид моңғол уәләйатындағы ең ірі қала Вараминның төрт ауданының бірі болып сипатталады. Бұл ретте қайта құрылған Рей іс жүзінде Тегеран әкімшілігінің қоластына өтеді.
Тегеранға келген алғаш еуропалық 1404 жылдың шілдесінде Самарқанға сапар шеккен испан жиһангезі Руй Гонсалес де Клавихо деп көрсетіледі. Ол оны үлкен қара ретінде сипаттап, сол жағында Тимуридтер резиденциясы орналасқанын, ал Рейдің қаңыраған қонысқа айналғанын атап өтеді. XV ғасыр басындағы Тегеран жоспарын Имамзада жерлеу ғибадатханаларының белігілі принциппен орналасуынан қайта құру мүмкін болды. Мысалы, Сейіт Ысмайыл Имамзадасы (Тегерандағы архитектураның ең ежелгi ескерткiшi) сол кезде қаланың оң шегінде орналасқан. Тегеранның солтүстік-батыс шеті қазіргі Голестан сарайы ауданында орналасқан. XV ғасырдан бастап, салқын ауа мен су қайнарларын іздеуден қала белсенді түрде солтүстікке қарай өсе бастайды, Тошал жотасында алғаш қалалық махаллалар пайда болады.
1553-1554 жылдар аралығында Сефевидтер әулетінің екінші билеушісі шах Тақмасап I Тегеранда Тегеран базарын және зеңбiрегі бар 114 мұнара салады (Құрандағы сүрелер саны бойынша). Сефевидтер Тегеранды өздерінің басты бекінісі ретінде таңдады. Себебі, бір жағынан, Реяда әулетін негізін салушы Сейеда Хамзаның қабыры орналасқан, ал екінші жағынан Тегеран сол кезде шиит босқындарының дәстүрлі баспанасы болып үлгереді (Сефевидтер Ирандағы алғашқы шиит әулеті). Оның алдында Табриз қаласы Осман империясы тарапынан басып алу қатеріне ұшыраған соң, Тақмасап астананы Табризден Газвинге ауыстырады (Тегеранның батысынан 150 км). Егер Газвин қатерге ұшыраса, Тақмасап Тегеранды өзінің резиденциясы ретінде қарастырады. Еуропалық саяхатшылар сипаттауы бойынша қарапайым қала үшін қала қабырғасы тым қалың болған. Тегеран тұрғындары саны 20 мың адамнан аспаса да, қабырға ұзындығы 8 км-ді құрап, 4,5 шаршы км аумақты алған.
Chahar baq («4 бақша») атты Тегерандағы тұрақты резиденцияны Аббас II салады. Сүлеймен I бұйрығы бойынша қалада сарай салынады (Дибанхана). Осы аймақта 1227 жылы ауғандықтардың Иранға басқыншылығы басталар алдында, Сефевидтердің соңғы шахы осман сұлтаны Ахмет III-ті қонақ күтеді.
Нағыз қызу құрылыс Тегеранда XVIII ғасырда басталады. Сефевидтер орнына келген Зен әкімшілері, қаланың әкімшілік бөлігін қарқынды түрде сала бастайды. Кәрім Хан Тегеранда сарай, гарем және мемлекеттік мекемелерге резиденция салуға бұйрық береді. Ол Тегеранға астана атағын беруге көздегенімен, алайда астаналық міндеттер Ширазға беріледі (Персия көне астанасы).
Кәрім Хан қайтыс болысымен Тегеран үшін Зендерге адал Ғафур Хан және Мұхамет Хан Қажар араларында тартыс басталады. 1786 жылдың 12 наурызында Мұхамет Хан Тегеранға кіріп астананы толығымен сол жерге көшіреді. Бұл шешімге Тегеранның сауда жолдары ортасында орналасуы және солтүстік уәләйаттарға Ресей Империясы тарапынан төнген қауіп әсер етеді.
Иран астанасы thumb|250px|Тегеран конференциясы, 1943 жыл Мұхамета Қажардың немере інісі Фатақ Әли-шах Тегеран құрылысына айрықша салмақты үлес қосты. Атап айтар болсақ, оның билеу кезеңінде Тегеранда Мәрмәр сарайы және Шах мешіті салынады. 1830 жылы Тегеран тұрғындар саны 150 мың адамға жетеді. Мұхамет Қажар кезінде Тегеран қала қабырғалары шегінен шығып, қаланың солтүстігінен салтанатты сарайлар салынады.
Фатақ Әли-шах кезінде, 1829 жылдың 11 ақпанында, Тебризден орыс елшілігін таныстыруға келген Александр Грибоедов бастаған топ талқанданып, топ басшы Грибоедов сол шайқаста қаза табады.
Тегеран тарихындағы ең масштабты қайта құру жұмыстары 1870 жылы Насреддин-шах билігі кезінде басталды. Ол қаладағы барлық бекініс ғимараттарын жаруға бұйрық беріп, олардың орнына жаңа қала-махаллалар пайда болады. Ескі қабырға жойылып, орнына ұзындығы 19 км дұрыс емес сегіз бұрыш пішінді қабырға тұрғызылады. 12 бай өңделген қала қақпалары тұрған жерде, қазір қалаға беттейтін басты желілер орналасқан. Одан басқа Насреддин-шах кезінде көптеген ғимараттарға реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп, сумен жабдықтайтын орталықтандырылған жүйе құрылады. Оның билігінің соңғы жылдарында (1897) қала тұрғындары саны 250 мың адамнан асып, олардың көбісі қала қабырғалары сыртында өмір сүрді.
thumb|250px|Ирандағы Ислам революциясы, 1979 жыл 1925 жылы Иран тағына Риза Пақлауи отырады және 1930 жылдары қала тағы да бір жаңартуды басынан кешіреді. Риза Пақлауи бұйрығы бойынша «Насреддин қабырғалары» жойылып, ал олардың орнына кең даңғылдар салынады. Мемлекеттік және коммерциялық мекемелерге жаңа ғимараттар салу үшін шах көптеген шетел сәулетшілерін шақырады. Солардың арасында орыс сәулетшілері де болды: Николай Марков ( «Эльбурс» мектебі), Владислав Городецкий (темір жол вокзалы) және басқалар. Реконструкция кейін Тегеран аумағы 46 шаршы км-ді құрап, Фетх-Али Шах кезіндегі Тегеранмен салыстырғанда айтарлықтай үлкейді.
1943 жылы Тегеранда Гитлерге қарсы коалицияның үш одақты державаларының үкiмет басшыларының халықаралық конференциясы өтіп - КСРО, АҚШ, Ұлыбритания екінші майданның ашылу мерзімін шамалап белгілейді. "Тегеран-43" кеңес көркем фильмінде Рузвельтті (АҚШ президенті) өлтіруге жіберген неміс тыңшылар тобы туралы қарама-қайшы оқиға баяндалады. Конференцияда Иранның тәуелсiздiк және аймақтық бүтiндiгiнiң кепiлдiгi жарияланады.
Соғыстан кейін Тегеран тұрғындары саны 1 миллион адамға жетеді. Соңғы шах Мұхамет Пақлауи кезінде ескі қаланың көптеген ежелгі құрылыстары жойылды. Шахтың пайымдауынша, қазiргi Тегеранда оларға орын болған жоқ. Бірегей бекініс ғимараттарының және сарай орындарында қазір көп қабатты үйлер немесе кең автодаңғылдар орналасқан. Тұрғын үй құрылыс ошағы басталысымен, Тегеран өзінің "ежелгі" ажарын мүлде жоғалтады. Шах жанұясымен қаланың солтүстігіне, Ниаваранға көшеді.
thumb|250px|Бұрынғы АҚШ елшілігінің алдындағы плакат. Астындаға көкшіл мәтін: Марг бар Америко — «Америкаға өлiм» 1969 жылы Шемиран Тегеран құрамына еніп, қаланың солтүстікке қарай өрістету жұмыстары тоқтайды. Жаңа қала құрылыс доктринасы бойынша, қала батыс және шығасқа қарай кеңейтіле бастайды. Қала құрылысы Кережге қисындастыра жақындайды. Қаланың батысы мен оңтүстігінде өнеркәсiптiк аудандар салынады. Батыстаға энергетикалық дағдарысты алып келген 1970 жылдардағы мұнай бағасының күрт өсуі және қаланың ары ғарай қарқындауына жаңа талпыныс береді. Шах мұнай экспортынан келген жоғарғы табысты жаңа аудан салуға жұмсауға оқталды, ол аудан Пақлауи билігінін символына айналуға тиіс болған. «Шахистан» жобасы 1976 жылы дайын болып, бірақ қаражат таусылуымен іс жүзінде жүзеге аспады.
1978 жылдың 8 қыркүйегінде, Тегеранда және бүкіл Иранда шах үкіметі қарсыластарының демонстрациялары басталып, кейіннен жаппай наразылыққа ұлғасады. Осындай алғаш ауқымды наразылық қыркүйекте орын алып, полиция күшімен таратылады. Осы мезгілден бастап, жаппай ереуiлдер әсерінен Тегеран экономикасы "тоқтап қалады". Анығында, 1979 жылдың 16 қаңтарында шах шерушілерге қарсы тұра алмай, Ираннан қашуға мәжбүр болады, ал 1 ақпанда миллион тегерандықтар қуғынға ұшыраған имам Рухолла Хомейниді (15 жыл бұрын қаладан қуылған) қарсы алады. Қалада хомейниліктер мен олардың қарсыластары арасында ұрыс-керіс басталады. 9 ақпанда, Мәһрабат әуежайындағы техниктер жанжалы көшелердегі жойқын қақтығыстарға ұласады, қақтығыстар нәтижесінде екі күн ішінде Хомейни жақтаушылары бүкіл әкімшілік мекемелерді, күш беретiн мекемелер және полиция бөлiмшелерiн жаулап алады. Иранда 11 ақпан Революция Жеңіс күні ретінде тойланады. 1979 жылдың 4 қарашасында жауынгер жөнге салынған студенттер тобы америкалық елшілікті басып алып, елшілік жұмысшалыры тұтқында 444 күн өткізеді.
Иран-ирак соғысы барысында, Тегеран 1985 жылдың мамырынан бастап ирак ракеталары Р-11 оғы астында қалды, бұл қарапайым халық арасында қомақты құрбандарға және түбегейлi қиратуларға алып келеді. Соғыс соңында, 1988 жылдың көктемінде, атқылау максимумге жетіп, 6 апта ішінде қалаға 190 ракета снарядтары түседі. Oқ жаудыру Бағдат аумағына да жүргізіледі, бірақ атқылау қарқыны анағұрлым кем. Тегеранға батыс уәләйаттарынан босқындар қоныс аудару үрдісі орын алып, ал тегерандықтардың 30 % Иран солтүстігіне қашады. Соған қоса Тегеранға көрші Ауғанстаннан да босқындар көшеді (Ауған соғысы әсерінен).