Құзайыр Мекаилұлы (1912-45) - Абайдың немересі. Шешесі - Дәмежан. Құзайыр байтұқымы ретінде жер аударылып, елден қуылған. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласына барып паналап, қара жұмыс істеген. Сол жерден әскерге алынып, майданда қаза болған. Фотосуреттері мен өмірі жайлы материалдар Абайдың Семейдегі қорық-музейі қорында сақтаулы.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар