Солу ылғалдылығы — топырақ ылғалдылығының өсімдік тамыры қабылдай алмайтын шамаға дейін төмендеуі. Мұндай жағдайда өсімдік ылғал жетіспеуінен солып қалуы мүмкін. Суармалы жерлерде топырақтың ынталы қабатының ылғалдылығын, топырақтың ең аз су сыйымдылығының 60 пайызынан төмен түсірмейді. Одан төмен түссе, өсімдіктің өсуі баяулап өнім азаяды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы