Өзеннің жоғарғы ағысы - өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығы, тайыздығы, айтарлықтай жуылып-шайылу және тасымалдау әрекетімен сипатталады; өзеннің ең еңіс және соған байланысты ағысы жылдам болатын жоғары телімі. Ол бастаудан немесе екі өзеннің қосылған жерінен басталады да, шаю әрекеті баяулаған тұста аяқталады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.

Ал төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағысты жуып-шаю шикізатының шөгіндіге түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасыньщ кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:География және геодезия Санат:Су шаруашылығы