Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы — өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы.

Тарихы Қазақстан прокуратурасы 1922 жылдан бастап Әділет халық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. Әділет халық комиссары прокурордың қызметін қоса атқарды. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: дербес болып, Әділет халық комиссариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Прокуратураның дамуындағы маңызды кезең 1936 жылы басталды, ол кезде КСРО-ның жаңа Конституциясы Қазақстанға егеменді Одақтық Республика құқығын берген болатын. Осы уақыттан бастап мемлекеттік прокуратура құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады. 1937 жылдың қарашасында Әділет халық комиссариаты мен прокуратураны бөлу бұйрығы шықты. Прокуратура тікелей КСРО прокурорына бағынды.Қазақстан Республикасы прокуратурасы құрылған күн

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы қаулысымен1 "Қазақ КСР прокуратура органдарының біртұтас жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы" Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы № 997 қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991,№48-50, 613-бап). Қазақ КСР аумағында жұмыс істейтін прокуратура органдарының базасында Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынысты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды. ҚР Бас прокуратурасы жанынан 2003 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, 2023 жылы Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды.

Міндеттері Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ оның салдарын анықтау және жою Құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруҚазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы

Құрылымы Комитеттері Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет

Департаменттері Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті Стратегиялық даму департаменті Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті Қаржы департаменті Өзіндік қауіпсіздік департаменті Кадрлық жұмыс департаменті Ішкі аудит басқармасы Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы Шаруашылық басқармасы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметіҚұрылымы

Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер Облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының прокуратуралары Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Бас әскери прокуратура Бас көлік прокуратурасы

Басшылығы Асылов Берік Ноғайұлы — ҚР Бас прокуроры Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы — ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Шындалиев Әсет Қазақбайұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары Өтегенов Ерлан Рақымжанұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы — ҚР Бас прокуроры Аппаратының басшысы

Бас прокурорлар тізімі № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Қазақ КСР, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (1990–) 1 99px Жармахан Тұяқбай желтоқсан 1990 қазан 1995 2 99px Мақсұт Нәрікбаев қазан 1995 маусым 1996 3 99px Степан Шуткин маусым 1996 қараша 1997 4 99px Юрий Хитрин қараша 1997 желтоқсан 2000 5 99px Рашид Түсіпбеков 21 желтоқсан 2000 2 сәуір 2009 6 99px Қайрат Мәми 3 сәуір 2009 15 сәуір 2011 7 99px Асқат Дауылбаев 15 сәуір 2011 25 сәуір 2016 8 99px Жақып Асанов 25 сәуір 2016 11 желтоқсан 2017 9 99px Қайрат Қожамжаров 11 желтоқсан 2017 18 наурыз 2019 10 99px Ғизат Нұрдәулетов 18 наурыз 2019 25 ақпан 2022 11 99px Берік Асылов 3 наурыз 2022 —

Дереккөздер

Б Б