Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті — республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді және экономиканың стратегиялық маңызы және стратегиялық объектілері бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 1990 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР 1991 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. 1995 жылы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитет екіге бөлініп, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет және Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитет құрылды. 1997 жылы наурызда екі комитет таратылып, Қаржы министрлігіне қосылды. Министрлік құрамында Мемлекеттiк мүлiк және активтердi басқару департаментi мен Жекешелендiру жөнiндегi департамент құрылды. 1997 жылы қазанда департаменттер біріктіріліп, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті құрылды. 1999 жылдан бастап ол комитетке айналды.

Міндеттері Орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, республикалық мүлікке мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 10 басқармасы бар: Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасы Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі басқармасы Заң басқармасы Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру басқармасы Комитеттің қызметін ұйымдастыру басқармасы Кадр жұмысы басқармасы Комитеттің қаржылық қызметін ұйымдастыру басқармасы

Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Байқоңыр, Шымкент қалалары бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаменттері «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ

Басшылары Қылышбек Ізбасханов (1991—1993) Жәнібек Кәрібжанов (1993—1994) Қозыкөрпеш Есенберлин (1994) Сарыбай Қалмырзаев (1994—1997) Мақсұтбек Раханов (1997—1998) Оразалы Ержанов (1998—1999) Данияр Әбілғазин (1999—2000) Мақсұтбек Раханов (2000—2006) Эдуард Өтепов (2006—2018) Бақытбек Тәшенев (2018—2025) Ерғали Егемберді (2025—2026) Нұрмахан Әділбеков (2026—)

Жекешелендіру комитетінің төрағасы: Эдуард Өтепов (1995—1997)

Дереккөздер

М